Министр Қазақстанның экономикалық өсімі қандай болатынын болжады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр Қазақстанның экономикалық өсімі қандай болатынын болжады

20.04.2021
Министр Қазақстанның экономикалық өсімі қандай болатынын болжады

Биыл Қазақстан экономикасының өсімі 3,1 пайыз болатындығы болжанады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.

«Макрокөрсеткіштердің болжамы ел экономикасының өсуі бойынша жедел деректерді, әлемдік экономика мен нарықтағы оң үрдістерді ескере отырып, нақтыланды. Мәселен, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны қаңтар айындағы минус 4,5 пайыздан бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша минус 1,6 пайызға дейін жақсарды. Жыл басынан бері мұнайдың орташа бағасы барреліне 61 долларды құрады. Бұл ретте мұнай бағасы бойынша Дүниежүзілік қаржы ұйымының болжамдары 44 пен 67 доллар аралығында болып отыр. Осыған байланысты, макрокөрсеткіштерді нақтылау кезінде мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 50 доллар деңгейінде айқындалды.

Дүниежүзілік банк вакциналау жүргізудің тиімділігіне байланысты әлемдік экономиканың өсуін 1,6-дан 5 пайызға дейін болжап отыр. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ел экономикасының өсу болжамы 2,8-ден 3,1 пайызға дейін жақсарды. Бұл ретте номиналды жалпы ішкі өнім 77,8 трлн теңге көлемінде бағалануда. Сыртқы сұранысты қалпына келтіру аясында металлургиядағы өндірістің неғұрлым белсенді өсуі есебінен өңдеуші өнеркәсіптегі болжамды көрсеткіштер 4,1-ден 5,2 пайызға дейін жақсарды.

Ұлттық банктің болжамы бойынша, экспорт 10,8 млрд долларға, яғни 52,2 млрд долларға дейін ұлғаяды. Импорт 37,1 млрд долларды құрайды. Инфляция бұрын бекітілген 4,0-6,0 пайыз дәлізде сақталды», - деді Әсет Ерғалиев.


үкімет

Хабарламаларға жазылу