Алматыда 242 көшедегі 2 мыңнан астам ақаулы жер қалпына келтірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 242 көшедегі 2 мыңнан астам ақаулы жер қалпына келтірілді

14.04.2021

Алматыда сәуір айының басында 242 көшедегі 2 мыңнан астам ақаулы жер қалпына келтірілді. Қала бойынша 40-қа жуық бригада жөндеу жұмыстарына жұмылдырылған. Қала әкімдігі жыл соңына дейін 200 көшені жаңартуды жоспарлап отыр.

Қазір қалада 35 көшеде жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жоспарға сәйкес ұзындығы 196 шақырым болатын 200 көше, оның ішінде 17 магистралды жол жаңартылады. Бүгінде шаћардағы төрт көшені ұзарту жұмыстары жанданған. Жұмысшылар бір күнде 205 шұңқырды жамап, 15 қақпақты түзеткен.

Көкен Жарқынбек, қалалық мобильділік басқармасы көше-жол тораптарын дамыту бөлімінің бас маманы:
Сәуір айынан бастап 256 көшеде 3800-ден астам ақау жөнделді. Бұл жұмыстарға күн сайын 155 техника жән 400-ден аса жұмысшы жұмылдырылды. Жолдың сапасы - үнемі басты қадағалауымызда.

Алматыда 3 мың шақырым жол бар, соның 300 шақырымына әлі асфальт төселмеген. 2025 жылға дейін бұл бағытты дамыту көзделген. Сондай-ақ қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, 10 ықшам ауданда жолдар күрделі жөндеуден өтеді.

Ернұр Абжахан, қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары:
 Жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 95 процент көрсеткішке дейін жақсарту мақсатында 2025 жылға дейін 50 километр жаңа жолдардың құрылысы жоспарланған.

Таусамал ықшам ауданындағы Қонаев көшесі де қалпына келтіріліп жатыр. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айында толық аяқталады. Жер учаскелерін алу толығымен бікен. Мамыр айының соңында тұрғын үйлер бұзылып, жолды кеңейту және тротуарларды абаттандыру жұмыстары басталады.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу