«100 жаңа оқулық» жобасы аясында әлемнің 17 үздік оқулығы қазақ тіліне аударылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«100 жаңа оқулық» жобасы аясында әлемнің 17 үздік оқулығы қазақ тіліне аударылды

16.02.2018

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде әлемнің 17 үздік оқулығы қазақ тіліне аударылды. «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы бойынша 102 жеңімпаз анықталды. Дауыс беруге барлығы 340 мың қазақстандық қатысып, 1 млн. 376 мың дауыс берілді. «Қазақстанның киелі географиясы» бойынша жалпыұлттық және өңірлік маңызға ие 185 нысанның тізімі әзірленді. «Туған жер» жобасы шеңберінде 700-ден астам жоба іске асырылды. Меценаттар есебінен 51 млрд. теңгеден астам демеушілік көмек көрсетілді. 735 нысан абаттандырылды және қалпына келтірілді. «Туған жер» жобасы бойынша жалпы 1438 нысан пайдалануға берілді.

Дулат НУРКИН

Хабарламаларға жазылу