Алматыда жарылған жылу құбыры қалпына келтірілді
Алматыда жарылған жылу құбыры қалпына келтірілді. Диаметрі 1000 миллиметрлік құбыр жаңартылып, сынақтан кейін қайтадан іске қосылды.
Еске салайық, кеше шаһардағы ірі жылу магистралінде ақау болып, ыстық су атқылады. Салдарынан Рысқұлов көшесінің бойын бу мен тұман басқан еді. Көлік қозғалысы қиындап, жүргізушілер жолды көрмей, кедергіге тап болды. Даңғылды уақытша жабуға тура келген болатын. Апат болған аумақта мамандар түні бойы жұмыс істеп, қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыОралда ақша бопсалаған күдікті ұсталды
16.07.2026, 17:20
Семей орманындағы өртті әлі сөндіріп жатыр
16.07.2026, 17:17
Ресейде бизнес ₽7,5 триллион шығынға ұшырады
16.07.2026, 17:15
Түркияда балалардың әлеуметтік желіге кіруіне тыйым салды
16.07.2026, 17:12
Биылғы ҰБТ-ға 233 мың талапкер қатысты
16.07.2026, 17:10
Халықтық Конституция – әділетті қоғам негізі
16.07.2026, 17:07