«KazSat-2» қызметі қалпына келтірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KazSat-2» қызметі қалпына келтірілді

31.03.2017

Бүгін таңертең «KazSat-2» жерсерігімен байланыс үзілді. Таңғы сағат 8-ден 22 минут кеткенде болған штаттан тыс жағдай салдарынан жерсеріктен толқын қабылдайтын 13 байланыс және телехабар операторының жұмысы тоқтаған еді.

Қазақстандық «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығының қызметкерлері және бас мердігер «Хруничев атындағы Ресей мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының» өкілдері бірлесіп, ақаудың себебін түс ауа тапқан. Қазіргі уақытта жерсерік қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу