Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Сенат Төрағасы Президентке жоғары палатаның қарауында жатқан заң жобалары жөнінде хабарлады. Олардың ішінде Мемлекет басшысының бастамасымен енгізілген жер қатынастарын реттеу туралы заң да бар. Спикер Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы осы айдың аяғына дейін Сенатта қабылданып, содан кейін Президентке қол қоюға жіберілетінін айтты. Өзге де заң жобаларының әзірлену барысымен таныстырған Мәулен Әшімбаев сенаторлардың қатысуымен өтетін алдағы бірқатар халықаралық іс-шаралар жөнінде мәлімет берді.
Оңғар Алпысбаев
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚарағанды облысында зертханалық-талдау кешені ашылды
11.09.2026, 17:30
Ақтөбеде футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге жұмсалады
11.09.2026, 17:27
Павлодарда мұз кешенін салуға ₸19,9 млрд бөлінді
11.09.2026, 17:25
11 қыркүйек оқиғасына 25 жыл
11.09.2026, 17:22
Ираншыл хуситтер стратегиялық аралды басып алды
11.09.2026, 17:20
Әлеуметтік желіде тараған бес ақпар фейк болып шықты
11.09.2026, 17:17