Мемлекеттік сатып алу бойынша кейбір нормалар жойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік сатып алу бойынша кейбір нормалар жойылады

12.04.2021

Мемлекеттік сатып алу заңнамасында шикілік көп. Бизнес субъктілері осылай деп шағымдануда. Ал қаржы министрлігі келісім шартты орындауда заң бұзушылықтар азаяр емес деп отыр.

Мемлекеттік сатып алуда былық көп. 3 айда 9000-нан аса рәсім заңсыз жасалған. Тексеріс кезінде 52 млрд теңге көлеміндегі қаржылық заңсыздық анықталып отыр.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:
Тауарларды жеткізумен, қызметтерді көрсетумен және жұмыстарды орындаумен қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 44 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит нысандары қызметінің тиімділігін жетілдіру және арттыру үшін 707 ұсыным берілді.

Алайда, қызмет көрсететіп отырған бизнес өкілдері мұндай қысымнан әбден мезі болдық дейді. Мемлекеттік сатып алу талаптары тым қатаң. Қит етсе, сотқа сүйрейді, айыппұл салады. Тіпті 2 жыл бойы конкурстан шектеледі.

Арман Мамбетов, «Атамекен» ҚР ҰҚК басқарма төрағасының орынбасары:
Түрлі жағдайлар болады. Көлік бұзылып қалды, ауа райының қолайсыздығы бар. Ертесіне әкеліп берді. Негізінде ол тауар 1 айдан кейін қолданылады. Мемлекетке шығын келген жоқ. Бизнес субъектісін сотқа беруге тиісті. Заңнамада көрсетілген. Бұл дұрыс емес деп есептейміз. Яғни, мемлекетке шығын келмесе мемлекеттік тапсырыс беруші оны сотқа беруге міндетті. Егер бермесе оған да шаралар қолданылады.

Кәсіпкерлердің уәжінен кейін мемлекеттік сатып алу заңнамасына қайта талдау жүргізілуде. Ұлттық жоба әзірленіп жатыр.

Динара Мұқаева, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басқарма басшысы:

Қолданыстағы заңға сәйкес мысалға қаржылық ұйымдардың қызметін бір көзден, яғни бір компаниядан сатып алу құқығы бар. Біздің монополияға қарсы органның пікірі бойынша бәсекелестік нарық деп есептеймін. Басқа да нарықтағы субъектілер қатысуы тиіс. Мерзімді баспасөз де бір компаниямен келісім шарт жасауға құқығы бар. Бір емес, бірнеше компания қатысып, бәсекелестіктің үлесін арттыруға болады. Бәсекелестікті шектейтін нормаларды жоюға ұсыныс жолданды. Бұған қатысты шешімді енді қаржы министрлігі қабылдауы тиіс.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу