Өткен тәулікте коронавирустан 15 адам көз жұмды. 2586 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 261503-ке жеттi.
Соңғы тәулікте 1449 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 229538. Қайтыс болғандар - 3171.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 29 655 адам ем қабылдап жатыр. 522 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 100 адам дертке шалдығып, 5 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 51055 адамға пневмония диагнозы қойылды. 4947 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 718.
Ал бүгінде ел бойынша КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны 239040-қа жетті.