Енді жерді басқару әкімдердің құзырынан дербес агенттікке өтуі мүмкін. Кеше арнайы комиссияның 2-ші отырысында айтылған ұсыныс қолдау тапты. Тиісінше өңірлердегі жер инспекторларын сол агентікке бағындыру керек. Осылайша саланы толықтай цифрлық платформаға көшіріп, жерді кім, қалай игеріп жатқанын ашық көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, жалға берілетін алқаптардың ең жоғарғы шекті өлшемі бекітілмек. Ауыл шаруашылығы жерлерінің құнарын бақылау үшін зертханалық базаны дамыту да үлкен мәселе. Бірақ, қазіргі жер ресурстарын басқару комитетінің өз зертханасы жоқ. Шешетін мәселенің бірі осы. Комиссия мүшелері субарендаға қатысты талапқа да тоқталды.
Айтылған тағы бір мәселе - елден кеткендердің жерден де үлесі болмауы керек. Себебі басқа елге көшкен кей азамат сыбағасын әлі алып отыр. Мысалы, Ақмола облысында 100 мың адамның жерден шартты үлесі бар. Өйткені бастапқыда бәрі компанияға жарғылық капитал құйған. Мысалы, кәсіпкер Нартай Ысқақов Жарқайың ауданынан Ресей, Беларуске көшіп кеткендер пай алып отырғандарын айтты. Мұндайды заңмен шектеу керек, деді. Сондай-ақ, комиссия мүшелері малы жоқтар иелегіндегі жайылымды мемлекетке қайтаруы тиіс,-деп отыр.
Сонымен жерді шетелдіктерге жалға беруге біржола тыйым салатын заң жобасының бірінші оқылымы Мәжілісте 7 сәуірде өтеді.