Ақтауда шұжықтан ұшынған отбасында 3 жасар бала қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда шұжықтан ұшынған отбасында 3 жасар бала қайтыс болды

13.11.2018

Ақтауда бір отбасы шұжықтан ұшынып, 3 жасар бала қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша,  бүлдіршін ауруханаға жетпей, үйде көз жұмған. Отбасының қалған 4 мүшесі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

- Дәрігерлер берген мәліметке сүйенсек, отбасы кешкі асқа қуырылған шұжық жеген. Нәтижесінде түнгі сағат 1-де 3 жасар ұлы ауырған. Анасы оның асқазанын калий пенманганатымен жуған соң, бала ұйықтап қалыпты. 1 сағаттан кейін анасы мен тағы 3 бала ауырсынған. Алайда, олар медициналық көмекке таңертен 8-де бір-ақ жүгінді.

Шайхмеддин Беркалиав, облыстық Жұқпалы аурулар орталығының басшысы:

- Балалардың жағдайы тұрақты. Оларға көмек көрсетілді, ем алып жатыр. Өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ. 3 жастағы кішкентай баласы үйінде шетінеп кеткен, оны біз көрген жоқпыз. Ештеңе айта алмаймын.

Отбасының 4 мүшесі қазір облыстық Жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Оларға кешеден бері қажетті медициналық көмектер көрсетілген. Отағасы жағдайы жақсы болған соң, медициналық көмекке жүгінбеген. Жансақтау бөліміндегі анасының жағдайы тұрақты. Дәрігерлер оны түстен кейін палатаға ауыстыруды жоспарлап отыр.

 

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу