Мемлекеттік сатып алудың жаңа тәртібі енгізіледі
Ұлттық холдингтер мен компанияларда сатып алудың жаңа тәртібі енгізіледі. Бүгін Мәжіліс отырысында «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» заң жобасы талқыланды. Құжат бірінші оқылымда мақұлданды.
Асима Нұрбайқызы, тілші:Президент Жолдауына сәйкес қаржы министрлігі аталған заң жобасын әзірледі. Өйткені, қазір квазимемлекеттік сектордың сатып алулары әртүрлі нормативтік құқықтық актілермен реттеліп келеді. Яғни, бірізділік жоқ. Ал бұл құжат 250-ден аса ұлттық компанияны олардың еншілес ұйымдарымен бірге қамтитын болады. Процестердің барлығы енді «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның аясында жүргізу ұсынылып отыр.
Бұдан бөлек, қазір бір көзден алу тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алулардың үлесі басым. Мәселен, «ҚазАгро» холдингі 3 жыл қатарынан мемлекеттік сатып алу процестерінің 98 пайызын бір көзден алу тәсілі арқылы жүргізген. Қазақ туризм ұлттық компаниясы сатып алулардың түгелін бір көзден алған. Демек, бәсекелестік аз. Депутаттар осы мәселені реттеуді талап етті. Сонымен қатар, заң жобасында тауарды 30 күннің ішінде жеткізу міндеттелген де, ал оның ақшасын төлейтін тараптың уақыты белгіленбей кеткен. Демек, жеткізуші мен тапсырыс берушінің арасында теңсіздік бар. Бұл мәселені де ескеріп, түзету тапсырылды. Осылайша, енді ұлттық холдингтер мен компанияларда сатып алудың жаңа тәртібі енгізілмек. Бүгін жоба 1-ші оқылымда мақұлданды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 11:30
S&P Global Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне жоғарылатты
22.08.2026, 10:52
Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 10:30
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40