Шығыс Қазақстанда түрмеге тыйым салынған заттарды кіргізбек болғандар ұсталды
Сотталғандарға тыйым салынған заттарды заңсыз жолмен өткізбек болғандар әкімшілік жазаға тартылуда. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда 30-дан астам осындай дерек тіркелді. Олардың ішінде, әсіресе,телефон мен SIM картаны жасырын кіргізбек болатындар жиі кездеседі. Сөйлесу құралын тез дайындалатын кеспе я балдың ішіне тыққандар да бар. Ал таяуда қатаң тәртіптегі түрменің біріне 30 литр спирт өткізбек болған адам ұсталды. Көлігін жөндетемін деген желеумен мекеме аумағында орналасқан көлік жөндеу станциясына келген ол спиртті, тағы басқа заттарды машинаның 4 есігіне жасырған.
Жанболат Қалетаев, ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы:Азаматтар мекеме аумағына кіргізуге тыйым салған заттарды түрлі амалдармен кіргізуге тырысады. 2 ай ішінде 24 деректің алды алынып, 8 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ескере кетсек кіргізбек болған заттың қай сотталғанға екені анықталса сотталған да тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ болашақта мерзімінен бұрын босатылу мүмкіндігінен айырылады.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуде Түркістан облысы көш басында
19.08.2026, 17:25
Қарағандыда ерекше алма бақ жайқалып тұр
19.08.2026, 17:22
«Таза Қазақстан»: 117 мың гектар аумақ тазартылды
19.08.2026, 17:20
Оралда «Экоquest» сайысы өтті
19.08.2026, 17:17
БҚО-да BalaQorgany AI жаңа цифрлық платформасы таныстырылды
19.08.2026, 17:15
Академия курсанттары киберқауіпсіздік негіздерін меңгереді
19.08.2026, 17:13
Әділетті қоғамның негізі – азаматтық жауапкершілік
19.08.2026, 17:10
Ел жаңалықтарына шолу
19.08.2026, 17:07