Атырауда 2 мың мұғалімге екпе салынады
Атырауда мұғалімдерге екпе салу басталды. Бүгін вакцинаны білім беру саласының 5 қызметкері салдыртты. Өткен аптада өңірге «Спутник V» вакцинасының 2 000 дозасы жеткізілген еді. Ал, айдың ортасына қарай тағы 3 600 доза келеді деп күтілуде. Өңірде 11 мыңға жуық мұғалім бар.
Айнагүл Дүйсекенова, облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары:Ұстаздар қауымына ерікті түрде қанша адам өтініш білдірсе, сол адамдарды вакцинациямен қамтамассыз ету жоспарда. Денсаулық басқармасы жіті қадағалауында ұстап отыр. Өйткені, ұстаздардың денсаулығы біз үшін маңызды.
Сыр өңірінде коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші кезеңі басталғалы 320 адам ерікті түрде екпе салдырды. Жоспарға сәйкес, педагогтар мен күштік құрылым қызметкерлері вакциналаудан өтуде. Облыс бойынша 100-ден аса ұстаз екпе алып үлгерді. Наурыз айынан бастап жеті ауданда егу кабинеттері ашылып, ауыл аймақтан 50 адам вакцина салдырды. Әзірге, ағзасына теріс әсер беріп, денсаулығына шағымданушылар тіркелген жоқ дейді мамандар.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қаллеки» театры үздіктерді анықтады
27.03.2026, 20:59
«Алтайым - алтын бесігім» республикалық ақындар айтысы өтті
27.03.2026, 20:57
Кәсіпкерлерге арналған қызметтер бір жүйеге жинақталады
27.03.2026, 20:54
Цифрландыру дәуірі: Инновация мен стартаптар форумы
27.03.2026, 20:53
Digital Qazaqstan – цифрлық трансформация алаңы
27.03.2026, 20:22
272 елді мекенде су тасқыны қаупі бар
27.03.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
27.03.2026, 20:17
3 мыңнан астам ІТ маманды біріктірген хакатон бастау алды
27.03.2026, 20:14