Басты Жаңалықтар Әскери қызметшілердің қазасына байланысты Үкіметтік комиссия құрылды

Әскери қызметшілердің қазасына байланысты Үкіметтік комиссия құрылды

Маңғыстау облысындағы әскери қызметшілердің қазасына байланысты Үкіметтік комиссия құрылды. Олжас Бектенов комиссия төрағасы Қанат Бозымбаевқа оқиға орнына шұғыл барып, әскери қызметшілердің опат болу себептерін тергеп-тексеруді тапсырды. Сондай-ақ марқұмдардың отбасына қажетті көмек көрсетуді жүктеді. Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт нашарлап, қатты жел 19 әскери қызметкерді теңізге алып кеткен. Салдарынан тоғыз әскери қызметші қаза тапты. Үшеуі құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға орнына Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерінің мамандары мен прокуратура өкілдері жұмылдырылды. Бас прокуратураның мәліметінше, қаралы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, жедел тергеу тобы жасақталды.


Бөлісу