Ақмола облысында шахтада топырақ опырылып, екі адам жарақат алды
Ақмола облысының Ақбейіт ауылындағы алтын кені шахтасында тас аралас топырақ опырылып, 2 адам жарақат алды. Жұмысшылар 100 метр тереңдікте болған. Кәсіпорын қызметкерлері жарақат алған жұмысшыларды өздері шығарған. Ал медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем жолды қар ұстап қалғандықтан жете алмаған. Сондықтан құтқарушыларға жүгінген. Дәрігерлер арнайы техникамен жетті. Жарақат алған 2 жұмысшы да аудандық ауруханаға төтенше жағдайлар қызметінің көлігімен апарылды. Біреуінің аяғы, екіншісінің жамбасы сынған.
Олег Малюк, Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы:
Үйінді астында қалған екі адамды әріптестері алып шыққан. Біздің қызметкерлер медицина мамандарының оқиға орнына жетуін және зардап шеккендерді ауруханаға апаруды қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта олар Астрахан аудандық ауруханасында ем қабылдауда.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуде Түркістан облысы көш басында
19.08.2026, 17:25
Қарағандыда ерекше алма бақ жайқалып тұр
19.08.2026, 17:22
«Таза Қазақстан»: 117 мың гектар аумақ тазартылды
19.08.2026, 17:20
Оралда «Экоquest» сайысы өтті
19.08.2026, 17:17
БҚО-да BalaQorgany AI жаңа цифрлық платформасы таныстырылды
19.08.2026, 17:15
Академия курсанттары киберқауіпсіздік негіздерін меңгереді
19.08.2026, 17:13
Әділетті қоғамның негізі – азаматтық жауапкершілік
19.08.2026, 17:10
Ел жаңалықтарына шолу
19.08.2026, 17:07