Шымкент қаласындағы автобөлшек базарынан өрт шықты. Салдарынан сауда орнындағы аумағы 600 шаршы метр қойманың үштен бірі күлге айналды. Қызыл жалын қос қабатты ғимаратты түгел шарпыған. Мотор майлары, пластмассадан істелген акссесуарлар, резина бұйымдары мен автобөлшектерге толы ғимараттағы отты өшіру оңайға соқпады. Өрт сөндірушілер жалынмен 2 жарым сағат бойы арпалысты. Отты өшіруге 35 құтқарушы мен 5 техника жұмылдырылды. Апаттан адамдар дін аман. Өрт түнгі сағат 11 шамасында тұтанғандықтан базар аумағында адам болмаған.
Аманбек Бейсенбаев, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы:
Электр тоғын дер кезінде өшіріп, өртті тоқтату мүмкін болды. Өрттен келген шығын және себептері арнайы құрылған топ зерттеп жатыр.
Ғани Қалмаханов