Басты Жаңалықтар Емделу үшін зейнетақы жинағын алуға өтініштер қабылдау басталды

Емделу үшін зейнетақы жинағын алуға өтініштер қабылдау басталды

Емделу үшін зейнетақы жинағын алуға өтініштер қабылдау басталды

Бүгіннен бастап қазақстандықтар емделу үшін зейнетақы жинағын алуға өтініш бере алады

Өтініштер www.enpf-otbasy.kz сайты арқылы қабылданады.

Біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер тізбесі:

- орфандық ауруларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, емдеу, сондай-ақ емдеу тактикасын айқындау үшін диагностикалық зерттеулер;

- Қазақстан аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация)

- операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық)

- радионуклидтік және радиойодтерапия

- радиохирургиялық емдеу

- протон терапиясы

- офтальмологиялық қызметтер

Медициналық қызметтердің осы тізбесі халықтың қажеттілігін ескере отырып қайта қаралуы мүмкін.

Бөлісу