Алматы-Өскемен тас жолында жеті адам қаза тапты
Ақсу ауданының аумағында жеңіл және жүк көлігі соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл апатқа қалың тұман себеп болған. Nissan Qashqai көлігінің жүргізушісі қатты жылдамдықпен жол жиегінде тұрған жүк көлігінің тіркемесіне кіріп кеткен. Оқиға орнында жеңіл көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы және тіркеме артында тұрған жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы мерт болды.
Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:Қазіргі таңда бұл факт бойынша ҚР ҚК 345 бап, 4-ші бөлігі бойынша яғни 2 немесе одан да көп адам өліміне соқтырған жол ережесін бұзушылықтары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Сондай-ақ 13 ақпанда Еңбекшіқазақ ауданында Mercedes спринтер шағын автобусының жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай аударылып қалды. Салонда отырған 21 жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілген. Жеңіл жарақат алған 19 адам үйіне қайтарылды. Жолаушылардың басым бөлігі медицина қызметкерлері.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54