ШҚО-да алғаш рет 4 жасар баланың миына күрделі операция жасалды
Шығыс Қазақстандағы нейрохирургтер 4 жастағы баланың басына операция жасап, миындағы ісікті алып тастады. 4 жасар Даринаның маңдайында ісік өткен жылдың соңында пайда болыпты. Алғашында ата-анасы бала ойнап жүріп, басын ұрып алды деп ойлаған. Бірақ, ісіктің көлемі уақыт өте ұлғайып, өсе берген. Өскемендегі Ана мен бала орталығындағы дәрігерлер ми ісігі деген диагноз қойып, көп ұзамай операция жасаған. Отаның мұндай түрі облыста бірінші рет жасалды. Қазір бүлдіршіннің жағдайы жақсы.
Маргарита Жұмағұлова, анасы:Баламыздың қатерлі дертке ұшырағанын естіген кезде абдырап, не істерімді білмей қалдым. Дәрігерлер бізге операция жасауды ұсынып, баламды ажал аузынан аман алып қалды. Оларға алғысым шексіз. Елордаға баруға да ұсыныстар болды. Бірақ, алыс жерге барғаннан гөрі, осында жасаған дұрыс деп шештік.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06