Көкшетауда 11 мектеп карантинге жабылды
Көкшетауда тағы 3 мектеп карантинге жабылды. Осылайша, қаладағы 25 білім ордасының 11-і жұмысын уақытша тоқтатты. Олардың бірінде оқушылар, енді бірінде мұғалімдер, тағы басқа қызметкерлер ауруға шалдыққан. Олармен байланыста болғандар анықталып, бақылауға алынды. Карантинге жабылған мектептердің оқушылары қашықтан білім алуға ауысты. Үшінші тоқсан басталғалы Көкшетауда мектепке барып- келіп оқып жүрген 34 бала коронавирус жұқтырды. Ал Ақмола облысы бойынша бір айдың ішінде 253 оқушы індеттің ілмегіне ілінген.
Гүлнәр Жайлауова, Көкшетау қалалық білім бөлімінің әдіскері:
Карантинге кетті дегенде мектепте жаппай балалардың ауруы немесе жаппай мұғалімдердің ауруы болып жатқан жоқ. Бірлі-екілі жағдайға байланысты қашықтыққа көшірілді. 2 аптадан кейін елдегі ахуалға байланысты алдағы күндері балалар оқуға шығады деген үміттеміз.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қаллеки» театры үздіктерді анықтады
27.03.2026, 20:59
«Алтайым - алтын бесігім» республикалық ақындар айтысы өтті
27.03.2026, 20:57
Кәсіпкерлерге арналған қызметтер бір жүйеге жинақталады
27.03.2026, 20:54
Цифрландыру дәуірі: Инновация мен стартаптар форумы
27.03.2026, 20:53
Digital Qazaqstan – цифрлық трансформация алаңы
27.03.2026, 20:22
272 елді мекенде су тасқыны қаупі бар
27.03.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
27.03.2026, 20:17
3 мыңнан астам ІТ маманды біріктірген хакатон бастау алды
27.03.2026, 20:14