«Qazsport» телеарнасы «Үйдегі комментатор» жобасын жариялайды
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы «Qazsport» телеарнасы «Үйдегі комментатор» жобасын жариялады. Жобаға қатысушылар «Qazsport» телеарнасының трансляцияларын үйде отырып жүргізіп, видеоларын әлеуметтік желіге #ҮйдегіКомментатор хэштэгімен жүктеуі қажет.
Ең үздік бейнежазбалардың авторлары телеарна өткізетін комментаторлардың кастингіне қатысуға мүмкіндік алады.
«Мұндағы мақсатымыз – комментаторлардың резервін жасақтау. Телеарна мамандарынан құрылған арнайы комиссияның іріктеуімен үздік қатысушылар резервке алынып, комментаторлар кастингіне шақырылады. Қазіргі уақытта «Qazsport» арнасында тікелей эфирде хоккейден Қазақстан Кубогы сайыстары, Құрлықтық хоккей лигасының матчтары, футзалдан Қазақстан чемпионаты өтуде. Бұл - жобаға қатысушылар үшін үлкен мүмкіндік. Біздің мақсатымыз – тек футбол емес, спорттың әр түрінен комментаторлар резервін құру», - дейді «Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбеков.
Басқа да спорт түрлерін жүргізу бойынша бақ сынағысы келетіндер qazsporttv.kz ресм сайты мен You Tube желісіндегі арнадан өткен трансляциялардың мұрағатын пайдалана алады.
Жобаға 18 жастан жоғары үміткерлер қатыса алады. Қосымша байланыс нөмірі: 8(717) 2 31-75-42.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53