Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қырғызcтан Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Президент қызметіне кірісумен құттықтап, бауырлас халықтың өркендеуі мен игілігі жолындағы жауапты жұмысына сәттілік тіледі. Тараптар достыққа, тату көршілікке және стратегиялық әріптестікке құрылған қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге мүдделі.
Садыр Жапаров Қазақстан Президентінің ізгі тілегіне алғыс айтып, қызметке кірісуіне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хат жібергені үшін ризашылығын білдірді. Әңгіме барысында алдағы уақыттағы кездесулердің кестесі, оның ішінде, қырғыз көшбасшысының Қазақстанға сапары талқыланды.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбелік оқушылар экологиялық жобалар ұсынды
05.10.2026, 13:15
Ақмола облысында үздік мектептердің спорт алаңдарын жаңартады
05.10.2026, 13:12
Ақтауда Любовь Нам Абайды дәріптеп жүр
05.10.2026, 13:10
Шетелдік сарапшы: Реформалар елдің бәсекеге қабілетін арттырады
05.10.2026, 13:07
Газ құбыры жарылып, 3 электр станция істен шықты
05.10.2026, 13:05
5 кенші қаза тапты
05.10.2026, 13:03
Қорғаныс министрі әскери бөлімдердің бірін тосыннан тексерді
05.10.2026, 13:01
ДСМ: Иркутскідегі жағдай бақылауда
05.10.2026, 13:00