Шығыс Қазақстанда тасқынның алдын алу шаралары биыл ерте қолға алынды
Биыл Шығыс Қазақстанда көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары ерте басталды. Өйткені, өңірде дәл қазір жылдағыдан қар аз. Оның үстіне, соңғы бір айда шығысты шыңылтыр аяқ қысып тұрды. Салдарынан жер 1, 5 метрге дейін қатқан. Сол себепті облыс басшысы бірнеше ауданда жер тоңының қалындығын тексеруді, көктемгі су тасқынына әзірліктің толық жоспарын әзірлеуді тапсырды. Себебі күн күрт жылынып кетсе, өңірді су басуы мүмкін. Жол саласына жауапты мекеме жұмысшылары да көпірлер мен трассаның астындағы құбырларды тексеріп, судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету қамына кіріскен
Мұрат Макеев, жауапты мекеменің бөлім басшысы:-Қыс ерте түсті, 8-ші қазаннан бастап қар түскен. Содан бері жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл әзірге былтырғы жылмен салыстырғанда қар мөлшері аз болып тұр, бірақ алда әлі екі ай бар.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қаллеки» театры үздіктерді анықтады
27.03.2026, 20:59
«Алтайым - алтын бесігім» республикалық ақындар айтысы өтті
27.03.2026, 20:57
Кәсіпкерлерге арналған қызметтер бір жүйеге жинақталады
27.03.2026, 20:54
Цифрландыру дәуірі: Инновация мен стартаптар форумы
27.03.2026, 20:53
Digital Qazaqstan – цифрлық трансформация алаңы
27.03.2026, 20:22
272 елді мекенде су тасқыны қаупі бар
27.03.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
27.03.2026, 20:17
3 мыңнан астам ІТ маманды біріктірген хакатон бастау алды
27.03.2026, 20:14