Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінімдер enpf-otbasy.kz сайты арқылы қабылданады
«Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайттың атын жария етті.
«Сайттың атын алғаш рет жария етейін. Ол - enpf-otbasy.kz. Бұл – БЖЗҚ-мен біздің бірлесе атқарған аса ауқымды жұмысымыз. 2020 жылдан бері осы ауқымды жұмысты бірлесе атқарып келеміз. Сол себепті сайттың атауында екі органның да атын енгізуді жөн деп шештік. Қазір оған кірсеңіз, сервистің 23 қаңтардан сағат 09:00-де жұмысты бастайтыны жазылып тұр. Сервис толығымен дайын. Кеше редакциялық өзгерісті енгіздік», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ брифинг барысында зейнетақының бір бөлігін емделуге жұмсау ережелері осы айдың соңында жарияланатыны мәлім болды. «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы зейнетақының бір бөлігін сирек кездесетін ауруларға, ересектердің тісін емдеу қызметіне жұмсауға болатынын атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік басылым Қазақстанның соңғы жылдардағы өзгерісіне назар аударды
02.10.2026, 09:10
Трамп бастамасымен жасалған суперинтеллект туралы келісім жаһандық деңгейде үлгі болуы мүмкін — Тоқаев
02.10.2026, 08:36
Азиада: Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 9-орында тұр
01.10.2026, 20:30
Спортшылар Азия ойындарынан жүлдемен оралды
01.10.2026, 20:30
NVIDIA Қазақстандағы AI инфрақұрылымын дамытуға қатысады
01.10.2026, 20:29
Әнші Sadraddin-нің концертіне 70 мың көрермен жиналды
01.10.2026, 20:29
Түркістан облысында қарияларға арналған 21 орталық жұмыс істеп тұр
01.10.2026, 20:28
Президент General Atlantic компаниясының төрағасымен кездесті
01.10.2026, 20:25