ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану ережесін бекітті.
Біржолғы зейнетақы төлемдері тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін мынадай мақсаттарға пайдаланылады:
- тұрғын үйді сатып алу-сату, жекешелендіру, бөліп төлеу, айырбастау (айырбас жасау) шарттары бойынша, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес кепілдік болған кезде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша, жеке тұрғын үй салу үшін (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) толық есеп айырысу;
- ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру үшін бастапқы жарна енгізу;
- ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру, берешекті ішінара немесе толық өтеу;
- ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үй сатып алу; сатып алу құқығы берілген тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу.
- тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде берілген сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу.
Қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін аталған мақсаттарға шектеусіз пайдалана алады.
Өтініш беруші адам жұбайының және (немесе) жақын туыстарының біржолғы зейнетақы төлемін пайдалануы үшін тараптар жеке кабинетте біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы келісім жасасады.
Алушының меншігінде тұрғын үйдің болуы біржолғы зейнетақы төлемдерін алудан және пайдаланудан бас тартуға негіз болмайды.
Ескерте кетейік, зейнетақы шотындағы қаражат қолма-қол ақша ретінде берілмейді. Сондай-ақ зейнетақы жинағы алушының жұбайынан, жақын туыстарынан жылжымайтын мүлік сатып алуға берілмейді.
Біржолғы зейнетақы төлемін пайдалана отырып меншікке ресімделген жылжымайтын мүлікті 5 жыл ішінде сатуға болмайды. Егер мүлік сатылатын болса, біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын қайтаруға тура келеді.
Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.