Нұр-Сұлтанда карантин күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда карантин күшейді

18.01.2021
Нұр-Сұлтанда карантин күшейді

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтанда карантин күшейді. Шаһардың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысына сәйкес, елорда тұрғындары арасында коронавирус инфекциясы ауруларының көбеюіне байланысты СОО мен қоғамдық тамақтану объектілері шектеу шараларын қатаң сақтаған жағдайда ғана жұмыс істейтін болады.

Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің жұмысына санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін рұқсат етіледі. Ал демалыс күндері олардың жұмысына (оларда орналасқан дәріханалар және тамақ өнімдері мен бірінші қажеттіліктегі заттарды сататыншағын маркеттерді, супермаркеттерді және гипермаркеттерді қоспағанда) тыйым салынады.  

Фудкорттардың жұмысы тек өздігінен алып кетуді қоспағанда, курьерлік жеткізуге ғана рұқсат етіледі.

Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін залда келушілердің болуына тыйым сала отырып, жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, оның ішіндегі 30 отыратын орыннан аспайтын толтыру шарттары сақталған кезде жол беріледі. Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады. Карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактісі орын алған кезде жұмыстарына тыйым салуды қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, батуттар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтары, оның ішінде лотереялар ұтысы, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондарының жұмысына тыйым салынбақ.

Айта кетейік, елорда коронавирус бойынша «қызыл» аймақта тұр. Өткен тәулікте 125 адамнан COVID-19 анықталды.

Хабарламаларға жазылу