Мәжілістің жаңа депутаттары депутат мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерін тоқтатты
Бүгін ОСК комиссиясы осы және өзге де талаптар орындалған соң, жетінші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттарына куәлік пен төсбелгі тапсырды.
Орталық Сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында Парламенті Мәжілісінің жаңа депутаттары ресми тіркеуден өтіп, куәлік пен омырауға тағатын белгілерін алды.
ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова хабарлағандай, Мәжіліске өткен үш саяси партия заңға сәйкес, сайлау қорытындысы шыққаннан кейін он күн ішінде депутаттық мандаттарды бөліп, тиісті құжаттарын 12-13 қаңтар күндері ОСК-ға ұсынған.
«Сондай-ақ, Сайлау заңнамасы негізінде Нұр-Сұлтан қаласының аймақтық сайлау комиссиясы ОСК-на Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайтын мәжіліс депуаттатрын сайлау бойынша дуыстарды санау хаттамасын ұсынды. Сайлау туралы заңның 45 бабында «ОСК сайланған Парламент депуаттарын жеті күн мерзім ішінде олардан Конституция және республика заңдарына сәйкес, парламент депутаттарының мәртебесімен сыйыспайтын өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін тіркейді» деп белгіленген. Аталған өтініштер алынды. ОСК әр депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгілерін береді», деді Анастасия Щегорцова.
Осылайша, бүгін, 14 қаңтарда ОСК мүшелері жетінші сайланған Парламент мәжілісінің депутаттарына қызметтік куәлік пен омырауға тағатын белгілерін тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18