БҚО-да вакцинаны алғашқы болып қабылдайтындардың тізімі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да вакцинаны алғашқы болып қабылдайтындардың тізімі белгілі болды

13.01.2021

Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқы болып қабылдайтын тұрғындардың тізімі түзілді. Бірінші кезекте екпе 7 мыңнан астам медицина қызметкері мен 23 мың 412 мұғалімге және созылмалы дертке шалдыққан азаматтарға салынады. Бұған қоса қариялар мен балалар үйіндегілер және 36 мыңнан аса студент осы тізімге енген. Екпе салу ақпан айында басталады, енді медицина қызметкерлері дайындықтан өтеді.    

Мұқамғали Арыспаев, облыстық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:  
-Барлығы облыс бойынша 170 мыңдай адам қазір жоспар алып отырмыз. Қазір денсаулық сақтау басқармасы бар тоңазытқыштарды әзірлеп жатырмыз. Ресейдің Спутник V вакцинасы оған минустық температурадағы суық камералар болу керек. Бұл мәселелер облыс көлемінде шешіліп жатыр.  


Хабарламаларға жазылу