Індетті ілім жеңеді - Әсем Ережеқызы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Індетті ілім жеңеді - Әсем Ережеқызы

19.08.2021

Індетті ілім жеңеді. Ілімге сенсек қана, бұл ауруды тоқтатуға болады. Осылай деген белгілі айтыскер ақын Әсем Ережеқызы екпе алудың маңызын әр адам түсінсе дейді. Өнер иесі вирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып салдырған. Оның ойынша, жұрт ғалымдардың еңбегін бағалауы керек.

Әсем Ережеқызы, айтыскер ақын:
Менің бұған сенетін себебім, біз халық негізі түсінуіміз керек. Өткен ғасырдарда оба шешек, сүзек сияқты түрлі аурулар болды, осындай індеттер болды. Сол кезде халық вакцинанынң жоқтығынан қараңғылықтан қырылып қалды. Кейін совет үкіметі кезінде жаңа туған балаларға да екпе салды. Біз одан жамандық көрген жоқпыз. Сондықтан жалған ақпараттарға сенбей, вакцина алған дұрыс деп есептеймін.

Раушан  Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу