Ұлыбританияда премьер-министрлікке үміткерлердің тізімі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда премьер-министрлікке үміткерлердің тізімі белгілі болды

13.07.2022

Ұлыбританияда премьер-министрлікке үміткерлердің тізімі белгілі болды. Бұл лауазым үшін 8 кандидат бақ сынаспақ. Олардың арасында сыртқы істер министрі Лиз Трасс, қаржы министрі Надим Захави бар. Дегенмен, букмекерлердің мәліметінше, саяси дода фавориттері - бұрынғы қаржы министрі Риши Сунак пен бұрынғы қорғаныс министрі Пенни Мордонт. Дауыс берудің бірінші раунды бүгін өтпек. Бұған қоса, кандидаттардың әрқайсысы депутаттар алдында сөз сөйлейді. Жаңа премьер-министрдің есімі қыркүйектің 5-де белгілі болады. Ал экс-премьер Борис Джонсон парламенттегі дауға байланысты отставкаға кеткені белгілі.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу