Олимпиаданың алғашқы чемпионы белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиаданың алғашқы чемпионы белгілі болды

08.02.2014
Олимпиаданың алғашқы чемпионы белгілі болды
Ақ Олимпиаданың алғашқы чемпионы атағы АҚШ спортшысы Сейдж Коценбургке бұйырды. Ол Олимпиада ойынына биыл қосылған слоупстайл жарысында үздік атанды.
 
Сонымен қатар шаңғы жарысы, яғни скиатлоннан әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. 15 шақырымдық жарыста үздік болған норвегиялық Марит Бьёрген Олимпиада чемпионы атанды. Ал ел намысын қорғаған Татьяна Осипова, Анастасия Слонова және Елена Коломиналар 40-шы, 41-ші және 57-ші орындарға тұрақтады.
 
Кешкісін жерлестерімізден Диас Кенешов, Ян Савицкий, Антон Пантов, Сергей Наумик және Александр Трифоновтар 10 шақырымдық биатлонда бақ сынайды.
 
Тағы екі жерлесіміз Марат Жапаров пен Алексей Пчелинцев тұғырдан шаңғымен секіру спорты бойынша сынға түседі. Ал конькимен жүгіруші Дмитрий Бабенко 5 шақырымда жарыс жолына шығады.

Хабарламаларға жазылу