Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі белгілі болды

06.10.2014
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі белгілі болды

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас-бапкері Юрий Красножан, 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы, Нидерланд пен Чехия құрамаларына қарсы ойнайтын ойыншылардың толық тізімін жариялады.

Қақпашылар: Владимир Логиновский («Астана»), Александр Мокин («Шахтер»), Стас Покатилов («Шахтер»), Андрей Сидельников («Ақтөбе»);

Қорғаушылар: Ренат Абдулин («Атырау»), Илья Воротников («Тараз»), Марк Гурман («Қайрат»), Виктор Дмитренко («Астана»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Дмитрий Мирошниченко («Ақтөбе»), Гафур Сүйімбаев («Ордабасы»), Дмитрий Шомко («Астана»), Константин Энгель («Ингольштадт», Германия);

Жартылай қорғаушылар: Анатолий Богданов («Тобыл»), Бауыржан Джолчиев («Астана»), Георгий Жуков («Астана»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Андрей Карпович («Атырау»), Ұлан Қонысбаев («Шахтер»), Валерий Коробкин («Ақтөбе»), Евгений Коструб («Атырау»), Станислав Лунин («Қайрат»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Асхат Тағыберген («Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай («Шахтер»), Танат Нөсербаев («Астана»), Сергей Хижниченко («Корона», Польша);

Резерв: Абзал Бейсебеков («Астана»), Аслан Дарабаев («Қайрат»), Александр Киров («Шахтер»), Ермек Куантаев («Қайрат»), Андрей Финонченко («Шахтер»).

Еске сала кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы, қазанның 10-ы күні Амстердам қаласында Нидерланд Ұлттық құрамасына қарсы ойын өткізеді. Бұл кездесуді «KAZsport» телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат 00:35-те тікелей эфирде көрсетеді.

Ал, қазанның 13-ы күні Астанада Чехия Ұлттық құрамасын қабылдайды.

Фото: kff.kz

Хабарламаларға жазылу