ДДСҰ қазақстандық вакцинаны вирусқа қарсы қолдануға лайықты екпелер қатарына жатқызды

15.09.2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық вакцинаны вирусқа қарсы қолдануға лайықты екпелер қатарына жатқызды. Вакцинаға әзірге атау берілмеген. Бірақ оның 3 артықшылығы бар. Бастысы – коронавируспен ауырған жерлесіміздің тірі штамм негізінде өндірілген. Бұл туралы ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева айтты. Яғни вирус инактивацияланып, кейін зертханада өсірілді. Сондай-ақ тасымал тұрғысынан қиындық жоқ. Мысалы ресейлік вакцинаны сақтау үшін температура минус 30-дан кем болмауы тиіс. Ал біздің вакцина қарапайым тоңазытқышта сақталады әрі 3-4 градус жеткілікті. 

Ұлттық сараптау орталығы отандық вакцинаның қорытындысын алды. Енді клиникалық зерттеуден өткізіледі. 1-10-шы қыркүйек аралығында 688 адам өз еркімен екпе салдыруға келісті. Алғашқы кезеңде 44, екінші фазада 2 мың, ал соңында 3 мың ерікті вакцина алады. Егер олардың денсаулығына кері әсер етсе, сақтандыру аясында ем қабылдайды. Еріктілер үшін екпе тегін. Бірақ вакцинаны өндірген 7 ғалым мен 22 институт қызметкері алдымен өздеріне сынады. 42 күннен соң инфекцияға қарсы иммунитет қалыптасқаны белгілі болды.

Нысаналы Ығыл



Хабарламаларға жазылу