Сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша Мәжіліске 3 партия өтті
Сайлаудың алдын ала қорытындысы тағы өзгерді. Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың алдын ала қорытындысын жария етті.
Қазіргі нәтиже бойынша 3 партия Мәжіліске өтті. Олар - «Қазақстан Халық партиясы», «Nur Otan» және «Ақ жол». Ал қалған «ADAL» мен «Ауыл» партиясы тиісті 7 пайыздық көрсеткішке жете алмады. Нақты соңғы нәтиже аймақтық сайлау учаскелерінің қорытындысынан кейін белгілі болады.
Сәбила Мұстафина, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:- Осылайша, алдын ала нәтижелерге сәйкес сайлаушылар дауыстары былайша бөлінді: «Nur Otan» партиясы 71,09%,. «Ақ жол» 10,95 %, «Қазақстан Халық партиясы» 9,10 %, «Ауыл» 5,29 %, «ADAL» 3,57 %.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің міндетіміз – кейінгі ұрпаққа кемел және қуатты Қазақстанды аманаттау»
30.09.2026, 10:13
Қазақстан Жаһандық инновациялар индексінде Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында ең жоғары өсім көрсетті
30.09.2026, 08:37
Мемлекет басшысы: Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар күшімді саламын
29.09.2026, 23:27
Елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын – Мемлекет басшысы
29.09.2026, 23:13
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53