Кешегі сайлауда шетелде тұратын 6402 қазақстандық дауыс берген. Бұл мәліметті еліміздің Сыртқы істер министрлігі таратты. Жалпы әлемнің 54 елінде отандастарымыз үшін 66 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Соңғы болып, яғни Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы сағат 07:00-де Канададағы Қазақстан елшілігіндегі №279 сайлау учаскесі жабылған.
Бірқатар елде қатаң локдаун болғанына қарамастан саяси науқан кезінде шетелдегі қазақстандықтардың белсенділігі жоғары болды. Мәселен, Түркияда сенбі-жексенбі күндері коменданттық сағат болғандықтан, елшілік жергілікті билікпен келісіп, Қазақстан азаматтарының жүріп-тұруына арнайы рұқсат берген. Қазіргі таңда шетелдегі сайлау учаскесіне келіп түскен бюллетеньдер жиналып, дауыстарды санау процесі басталып кетті.
Айдос Әшімұлы