Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 12 адам көз жұмды. 726 адам коронавирус жұқтырған. Оның 107-і Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Алматы қаласында - 81, Павлодар облысында 65 адамнан вирус анықталды. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 153925-ке жеттi.
Соңғы тәулікте 1047 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 141731. Қайтыс болғандар - 2274.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 22 070 адам ем қабылдап жатыр. 257 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 170 жағдай тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 45630 адам пневмонияға шалдыққан. 32982 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 498.