Өскеменде Абай ескерткіші бой көтерді
Өскемен қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына ескерткіш қойылды. Ұлт ұстазының 175 жылдық мерейтойына орай жасалған бюст облыс орталығындағы гуманитарлық колледж алдына ортанылды. Қоладан құйылған ақын сұлбасының жалпы биіктігі 4 метрге жуық. Ғасырға жуық тарихы бар, ұстаздар даярлайтын осы білім мекемесіне де биыл Абай есімі берілген. Ақынның тұлғасы мен мұрасын ұлықтау мақсатында колледжде абайтану кабинеті де ашылған.
Фархат Құрманов, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің директоры:-Абай кабинетімен бірге біз биыл педагогикалық кеңестің шешімімен Абай шәкіртақысын беріп отырмыз. Биыл бірінші бала осы шәкіртақыны алып отыр. Бұл балалардың жалпы білімге деген, ғылымға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15