Павлодарда «Қымызхана» өртенді
Павлодар қаласында «Қымызхана» өртке оранып, нысанның 500 шаршы метр аумағы түкке жарамсыз болып қалды. Таңертең 11:00-де басталған өрт бірнеше сағат бойы тоқтау бермеді. Кафе ішінен сыйымдылығы 50 литрлік 6 газ баллоны шығарылды.
Қою түтін аралас қызыл жалын бой бермей, айналадағы жекеменшік үйлерге қауіп төндірген соң, су шашатын 8 көлік жұмылдырылды. Өрттің себебі әзірге белгісіз. Зардап шеккендер жоқ.
Ринат Валишанов, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:Бұл бір-біріне жапсарластыра салынған нысан. Өте тар. Айнала жекеменшік үйлер. Оның үстіне тақтайы көп. Ал іші жылы болуы үшін пенопластпен қапталған. От тиген жер лап етіп, қою түтін жаман иіс шығарады. Сондықтан сөндіру қиын болып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06