Алматыда бір тәулікте 88 адамнан вирус табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бір тәулікте 88 адамнан вирус табылды

23.12.2020

Алматы қаласы коронавирустық инфекция бойынша «жасыл» аймақтан қайтадан «сары» аймаққа енді. Өткен тәулікте мегаполисте 88 адамнан вирус анықталған. Бұл өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ковид шыққан науқастардың көбі - 30 бен 40 жас аралығындағы тұрғындар.  

Бір тәулікте 11 баладан вирус табылды. Пациенттердің 36 пайызы індетті отбасы мүшелерінен, ал 22 пайызы қоғамдық орындардан жұқтырған. Сондай-ақ шетелден келгендерден, базарлар мен қоғамдық көліктерден де инфекция жұқтыру деректері жиілеген. Алып шаһардың «сары» аймаққа енуіне байланысты карантин талаптары айтарлықтай қатаңдатылмайды. Дегенмен, бұған дейін бекітілген талаптарға бақылау күшейтіледі.

Жазира Оразқызы 


Алматы коронавирустық инфекция

Хабарламаларға жазылу