Бір тәулікте 813 адам коронавирус жұқтырды
Өткен тәулікте елімізде 813 адамнан коронавирус анықталды, індеттен 5 адам көз жұмды. 563 адам жазылып шықты.
Аймақтар бойынша Шығыс Қазақстан облысында вирус жұқтырған 170 жағдай тіркелді. Солтүстік Қазақстан облысында - 117 және Павлодар облысында 107 адамнан COVID-19 табылды.
Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 129213-ке жеттi. Жазылып шыққандар саны - 115384. Қайтыс болғандар - 2013.
Соңғы бір тәулікте 161 адам коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияға шалдыққан. 5 өлім жағдайы тіркелді. 73 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бері Қазақстанда 41756 адам пневмониямен ауырды. 30362 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 439.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада «Нұр шашу» атты халықаралық көрме ашылды
13.04.2026, 20:45
Бозжыра шатқалында визит орталық құрылысы аяқталды
13.04.2026, 20:42
«Aq Niet» ерікті дәрігерлер тобы жұртты тегін емдеп жүр
13.04.2026, 20:35
Қостанай облысында 31 адамды кене шаққан
13.04.2026, 20:34
Covid-19: Жаңа штамм анықталған жоқ
13.04.2026, 20:33
Биыл 400 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
13.04.2026, 20:30
Алаяқтықтың дені интернет арқылы жасалады
13.04.2026, 20:20
Әлем жаңалықтарына шолу
13.04.2026, 20:16