Алматыда коронавирус жұқтырған балалар саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда коронавирус жұқтырған балалар саны артты

26.03.2021

Алматыда коронавирустық инфекция жұқтырған балалар саны күрт көбейді. Әсіресе, мектепке дейінгі бүлдіршіндер арасында көрсеткіш 3 есе артқан. Бір тәулікте инфекция 17 балғыннан табылған. Сондай-ақ бір күнде қашықтан білім алып жатқан 28 оқушыдан коронавирус анықталған. Бұл - әдеттегіден 4 есе көп көрсеткіш. Сондықтан қала билігі ата-аналарға балаларының сақтық шараларын жіті ұстануын бақылауға алуды сұрйды. Қазір Алматы коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша «қызыл» аймақта қалып отыр. Өткен тәулікте 330 адамнан вирус табылған.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу