Алматыда бір тәулікте 178 адамнан вирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бір тәулікте 178 адамнан вирус анықталды

14.04.2020

Ал Алматыдағы жағдай күн санап ушығып барады. Мұнда бір тәулікке жетпей Covid-19 вирусы 178 адамнан анықталып, мегаполис инфекция жұқтыру бойынша ел көлемінде алғашқы орынға шықты. Соңғы тіркелгендердің 116-сы медицина қызметкерлері. Сонымен, миллиондаған халқы бар шаһарда вирус жұқтырудың 350 фактісі тіркеліп отыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының 18 курсанты коронавирус жұқтырып алғаны мәлім болды.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу