Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша заңнамаларда олқылықтар көп. Аталған құжатты талқылау барысында Мәжіліс төрағасы осылай деді. Енгізілген түзетулер мемлекеттік сатып алу заңнамасын жетілдіруді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мен бір көзден сатып алудың жолын кесуге бағытталған. Президент Жолдауында айтылған бұл бастамалар енді жүзеге асуы тиіс.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Барлығы сапасыз жоспарлаудан басталады. Бұл байқау құжаттамаларына қатысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыкүйектегі халыққа арнаған Жолдауында былай деді: 2018 жылы мемлекеттік сатып алудың көлемі 4,4 трлн теңге болды. Оның 3,3 трлн-ы, немесе 75 пайызы бәсекелестік ортада болмаған. Сондықтан депутаттар бір көзден сатып алу мүмкіндігін алып тастауды ұсынып отыр.
Дарын Сағитов