Оралда жасырын жұмыс істеген түнгі клубтар анықталды
Шектеуге қарамастан Оралда екі түнгі клуб дискотека ұйымдастырып заңсыз жұмыс істеген. Құқықбұзушылықты анықтауға сауық құрған қонақтардың әлеуметтік желіге салған суреттері себеп болды. Соның ізімен көңіл көтеру орындарына жеткен мониторингтік топ өкілдері, жөнсіз сайранға тоқтау салған. «Сиберия» клубында 50 адамның басын қосқан ұжымдық кездесу өткізілсе, «Кактус» диско-барында 20 адам қатысқан би кеші ұйымдастырылған.
Роза Қасенова, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы:
Бізге екі ойын-сауық мекемесіне қатысты материалдар түсті. Қазір іс қаралып жатыр. Енді оларға қатысты шаралар қолданылады. Жалпы жуырда той-томалақты жиі ұйымдастырған алты кафе-мейрамхана сот шешімімен үш айға жабылды.
Рауан Диәли
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06