Басты Жаңалықтар Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері

Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері

Шымкентте мүгедектігі бар 4,5 мыңнан астам азамат тұрады. Олардың денсаулығын қалпына келтіріп, қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау – әлеуметтік қолдаудың басым бағыттарының бірі. Шаһарда Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылған оңалту орталығы бір мезетте осы санаттағы 150 азаматқа көмек көрсетеді. Кешен отандық және шетелдің заманауи қондырғыларымен жабдықталған. Ең негізгісі церебралды сал ауруына шалдыққан және инсульттен кейін жүру қабілеті бұзылған науқастарды оңалтуға көметеседі. Ал орталықтағы тігін, қыш және слесарлық шеберханалар ем алушылардың еңбек дағдыларын дамытуына мүмкіндік береді.

Ержігіт Сағынбеков, медициналық компания өкілі:

Медициналық орталыққа қойып жатқан аппараттарымыз – шетелдік құрылғылар. Корея, Австрия, Италия, Германиядан келген. Ең ауқымды күрделі құрылғы осы австриялық аппарат. Бұл балалар мен ересектердің бұлшықеттерін жұмыс істетуге арналған.

Бөлісу