Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
Қазақстан World Population Review халықаралық статистикалық платформасы жариялаған Most Powerful Countries 2026 рейтингінде 100 елдің арасында 34-орынға ие болды. Еліміз бірқатар Еуропа, Азия және Таяу Шығыс мемлекеттерінен жоғары орналасқан.
Рейтингте Қазақстан Дания (36-орын), Біріккен Араб Әмірліктері (37), Оңтүстік Африка Республикасы (38), Норвегия (39), Сауд Арабиясы (40), Пәкістан (42) және Ираннан (46) алда тұр.
Ал посткеңестік мемлекеттер арасында Қазақстан Ресейден кейінгі екінші нәтижені көрсетті. Ресей 11-орынға жайғасқан. Украина 51-орын, Литва 56-орын, Беларусь 57-орын, Өзбекстан 71-орын, Латвия 74-орын, Эстония 75-орын, Армения 80-орын, Грузия 91-орынға тұрақтаған.
Рейтинг көшін Қытай бастап тұр. Екінші орында – АҚШ, үшінші орында – Үндістан. Алғашқы ондыққа Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Ұлыбритания, Мексика және Италия енген.
Айта кетейік, Most Powerful Countries рейтингі мемлекеттердің әлемдік саясат пен халықаралық қатынастардағы ықпалын бағалайды. Бағалау кезінде экономикалық және саяси әлеует, халықаралық көшбасшылық, стратегиялық одақтар мен әскери қуат ескеріледі. Рейтинг елдердің әлеуетін салыстырмалы түрде көрсетеді және олардың экономикалық немесе әскери қуатының абсолютті өлшемі болып саналмайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы