Қазақстанға Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
Бүгін Президент Қ. Тоқаевтың шақыруымен елімізге Бельгиялықтар королі Филипп пен Патшайым Матильда мемлекеттік сапармен келеді. Бұл – айтулы оқиға. Себебі Бельгия монархының, жалпы, Еуропа монархының Қазақстанға, Орталық Азияға алғашқы мемлекеттік сапары. Меншікті тілші Нұрсұлу Қасымның хабарлауынша, Король Филипп пен патшайым Матильда мінген ұшақ Брюссельден Астана уақытымен сағат 13:00-де аттанды. Делегация құрамында Бельгияның төрт министрі, 11 университеттің ректоры, корольдіктің 25 ірі компаниясының басшысы, сарапшылар, журналистер – барлығы жүзден астам адам бар. Биыл Бельгия мен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 34 жыл. Король Филипптің сапары екі елдің қарым-қатынасына серпін беретіні сөзсіз. Айта кетсек, біздің экономикаға салған инвестицияларының көлемі жағынан былтыр Бельгия бесінші орынға шықты. Соңғы 20 жылда 15,2 млрд доллар құйған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы