Теңіз кен орнының жұмысшылары ПТР анықтаманы қолдан жасаған
Теңіз кен орнының жұмысшылары COVID-19-ға арналған ПТР анықтамасын қолдан жасағаны анықталды. Бұл туралы «Теңізшевройл» компаниясының Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиев мәлімдеді.
«Кейбір жұмысшылар cанитарлық бекеттерден жалған ПТР анықтамасымен өтіп кеткені белгілі болды. Олардың рұқсат қағаздары дереу кері алынды. Аталған факті бойынша құзырлы органдарға хабарланды, тергеу жұмыстары өтеді», - деді ол Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде.
Айта кетейік, Теңіз кен орнында қазір эпидахуыл өршіп тұр. Кеше тағы 42 қызметкерден коронавирус анықталғанын хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
МӘМС жүйесін Қаржы министрлігі қадағалайды
20.01.2026, 17:15
Президент: Екібастұз бассейнінде дата-орталықтар құру қажет
20.01.2026, 17:09
Жаңа белес: ІЖӨ $300 миллиардтан асты
20.01.2026, 17:06
Конституциялық комиссия құрылады
20.01.2026, 17:03
Мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді
20.01.2026, 17:00
«Қайрат» – «Брюгге»: Астанада қауіпсіздік күшейтілді
20.01.2026, 13:30
Интернет-алаяқтармен күрес күшейді
20.01.2026, 13:24
Сәбіз экспортына тосқауыл қойылмайды
20.01.2026, 13:21