Медициналық қорғаныш заттарын өндірушілер экспортқа салынған тыйымды алып тастауды сұрады
Медициналық қорғаныш заттарын өндіретін кәсіпорындар экспортқа салынған тыйымды алып тастауды сұрап отыр. Қазір елімізде маска, халат, қолғап секілді медициналық қорғаныш заттарын шетелге тасымалдауға тыйым салынған. Мұндай шектеу елімізде жетіспеушілік болған кезде қойылған еді. Бірақ қазір жеткілікті мөлшерде өндіріліп жатыр дейді кәсіпкерлер. Күніне миллионға жуық маска шығарылады. Қоймаларда қажетті қор жиналған. Енді отандық фарм өндірісті арттыру үшін тыйымды алып тастау ұсынылып отыр.
Марина Дурманова, Медициналық өнімді өндірушілер қауымдастығының президенті:
-Жеке қорғаныс заттарын 10 кәсіпорын жеткілікті көлемде өндіріп жатыр. Өзімізді толықтай қамтып, сыртқа тасмалдауға болады. Сондықтан өнімнің 30%-ын экспорттауға рұқсат беруін сұраймыз.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстанда Аризона университетімен бірлескен қос диплом бағдарламасының алғашқы түлектері оқуын аяқтады
12.07.2026, 11:25
Испания құрамасы жартылай финалға өтті
11.07.2026, 20:09
Үй шаруасына арналған робот
11.07.2026, 20:08
Бибісара Асаубаева ширек финалға жолдама алды
11.07.2026, 20:07
Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ
11.07.2026, 20:07
«Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтті
11.07.2026, 20:06
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңі өтті
11.07.2026, 20:05
Саяси реформалар ел дамуына жаңа серпін береді
11.07.2026, 20:05