Өткен тәулікте 716 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның 188-і Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Павлодар облысында - 98, СҚО-да 96 адамнан вирус анықталды. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 126182-ге жеттi. 112806 адам жазылып шықты.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 386 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 644 бала бар. 200 науқастың жағдайы ауыр. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 44 жағдай тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 41203 адам пневмонияға шалдыққан. 30086 адам індеттен жазылып шықты.
Өткен тәулікте коронавирустан 7 адам көз жұмды. COVID-19-дан қайтыс болғандар саны - 1990, пневмониядан көз жұмғандар саны (1 тамыздан бері) - 427.